Келем саған (Әлішер Кәрімов)

Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…

Қайырмасы:

Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…
Әрі қарай

Өнер үшін - ұлт пида!

Superstar-дан шыққан Әлішер Кәрімовты қазіргі таңда көбі танитын шығар. Бастапқыда шашы ұзын болып, имидж жағынан халі сәл мүшкілдеу жүр еді, оған осы өткен кәріс сериалы жақсы әсер еткен сияқты. Яғни имиджіне. Тура сол сериал біткен соң, Әлішердің шаш үлгісінен корей сериалының басты кейіпкерінің образын көріп, плагиат деп шулағанда, «мен ешкімнен имидж ұрлаған жоқпын» деп ақталумен болды.

Не де болса, шашын қиғаны жақсы болды, өңі кіріп, енді сүйсінерлік әншілер қатарына кіре бастады.
Айтарым ол емес. Өзбек бауырымыздың бастапқыда Роза Рымбаеваның репертуарынан «Әлия» әнін айтып жүргенін тыңдаған шығарсыздар. Сонда «Батыр қызы сен халқымның» деген сөздері бар. Дәп сол жерін айтқанда біртүрлі ішімде бірдеңе қылт ете қалатын еді. Енді соғыс сонау КСРО кезінде болғанын ескерсек, бәрі бір халық болды, яғни идея бір дегендей. Олай айтуға намыстанбайтын да шығар.
Ал алдында Қазақстан телеарнасында Кеңес Дүйсекеевке арналған кеш өтті. Сол кеште бұл батырымыз «Қазағымның мұңысын сен – домбыра, бабамыздың жырысын сен — домбыра» деп шырқап тұр.
Ну енд, ұлтқа бөлінбеген дұрыс. Бірігіп ұстау керек, анау-мынау… Бірақ бәрібір, іште тағы бірдеме қылт ете қалады, неге екенін…
Әрі қарай

Қазақстан жұлдыздары "Валентинді" жарнамалады ма?

Кеше астаналық циркте Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен өткен "Ғашықтар әлемі" концертіне бардым. Кеш «Сәлем» радиосының ұйымдастырылуымен өтті. Негізгі моменттерді атап өтсем:

1. Жоспарланған кейбір әншілер (мысалы, Айгүл Иманбаева, т.б.) келмей қалды. Сірә, Валентин күнін жарнамалап жатыр деген сөзден қашса керек.
2. «Провал года» Мадина Сәдуақасова «Сәлем» радиосының «Ақсүйек» бағдарламасын «Ақсұңқар» деп шатастырып, тағы күлкіге қалды. Талай көрермен орнынан атып тұрып: «Пажалыста, ты только пой! Артық сөйлемеші!» деп айқайлағысы келіп кетті ғой деймін))) А так, сұлу ғой, сұлу…
3. Ұйымдастырушылар шоу жасауға тырысыпты. Әсіресе, "Ұлар" тобының әніне көмектескен «Ақ желкен» студенттік театрының көрінісі әсерлі шықты. Күнделікті абыр-сабыр тірлікпен жүрген алуан-алуан адамдар әуеннің белгілі бір тұсына келгенде сол күйінде қозғалмай қатып қалады, тура картина сияқты)) Біраз уақыттан соң тірліктерін сол жерден жалғастырып әкетеді. Ішіндегі кіп-кішкене балаға дейін өз ролін ыждағаттылықпен орындауы таң қалдырды. Жанды клип көріп отырғандай күй кештім.
4. Жоғарыдағы бөлек сахнада «Сәлем» радиосының жүргізушісі Өмірбек келген қонақтармен сұхбат жүргізіп отырды. Кейін өзі де ән айтты. Цирктің акробат қыздарымен бірге аспанда ұшып, обшым, әсерлі шықты)))
6. Алмас Кішкенбаев, Алтынбек, Еркін Мәулен, Әлішер Кәрімовтер де концертті жандыруға тырысып бақты.
7. Маржан Арапбаева жұбайымен ән айтты. (Жұбайының әжептәуір даусы бар екен).
8. «Ақсүйек» бағдарламасының көмегімен танысып, отау құрғандар бар екен, олар да келді.
9. Жарнама-парнамасын қайдам, өзіме концерт ұнады, тәуір демалып қайттым. В принципе, ол жерде Әулие Валентин жайлы сөз болған жоқ)))

Пы сы: 1 наурызда астаналық циркте Маржан Арапбаеваның жеке концерті өтеді екен.
Әрі қарай